АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Қарқаралы ауданы Аманжолов ауылындағы жер үйден өрт шығып қараусыз қалған төрт бала көз жұмды.
Қайғылы оқиға 23 ақпанда кешкі сағат 18.00 шамасында болған.
Қазір қайғыдан қан жұтқан ата-анаға психологтар көмектесіп жатыр. Балалардың қанша уақыт қараусыз қалғанын полиция анықтайды.
Болжам бойынша өрт пештен шығуы мүмкін. Өрт орнында өртке қарсы қызмет пен полиция жұмыс істеді.