Qazaq Air әуе компаниясы Түркістаннан Самарқанға рейс ашады

Рейстер осы жылдың наурыз айында орындала бастайды
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы Түркістаннан Самарқанға рейс ашады, деп хабарлады Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Түркістан – Самарқан бағыты бойынша рейстер 2024 жылдың 15 наурызынан бастап ашылады деп жоспарланып отыр.
Олар аптасына екі рет (жұма және жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті ұшақтармен орындалады.
Рейстер санының көбеюіҚазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп атап өтті ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, Qazaq Air қаңтар айынан бастап Өскеменнен Новосібірге рейстерді қайта ашты. Олар аптасына төрт рет орындалады.
Рейс кешіккенде немесе тоқтағанда жолаушыға қандай өтемақы төленеді