Рейс кешіккенде немесе тоқтағанда жолаушыға қандай өтемақы төленеді
© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Заңға сәйкес тасымалдаушы жолаушы алдындағы бірқатар жауапкершілікті орындауы керек
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Әуе рейсімен сапар шеккенде ұшақ уақытынан кешіксе немесе тоқтап қалса жолаушыға Заң жүзінде өтемақы төленеді. Өтемақыны алу жолдары туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңының 86-бабына сәйкес тасымалдаушы жолаушы алдындағы бірқатар жауапкершілікті орындауы керек.
Тасымалдаушының міндеті:
Жетегінде жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсынады.
Егер рейстің жөнелтілуі екі сағаттан астам уақыт кешіксе жолаушы халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберуге құқылы. Бірақ қоңырау шалу уақыты 5 минуттан аспау керек.
Сондай-ақ рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз етілуі керек.
Рейстің жөнелтілуі төрт сағатқа, тіпті одан да көп уақытқа кешіксе күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын, ал түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын тасымалдаушы жолаушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек.
Егер рейстің ұшуы күндіз сегіз сағаттан аса және түнде алты сағаттан аса кешіксе жолаушылар қонақ үйге орналастырылады.
Қонақ үйге апару және әкелуді тасымалдаушы өзі ұйымдастыру керек. Бұл үшін қалтаңыздан қаржы шығармайсыз және қонақ үйге қосымша ақы төлемейсіз.
Тасымалдаушының тағы бір міндеті – рейстер өзгерген жағдайда жолаушылардың ұялы телефон байланысына хабарлама жіберу және қандай қызметтер көрсетілетіні туралы ақпарат жіберу керек.
Рейс 5 сағаттан астам кешіксе қандай қызмет көрсетіледі:
Тасымалдаушының кінәсінен рейс бес сағаттан астам уақытқа кешіксе тасымалдаушы жолаушының өз қалауымен билетте көрсетілген бағытына жақын арада ұшатын рейспен жетуін қамтамасыз етеді. Болмаса жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.
Жолаушысын межелі орнына жеткізе алмаған тасымалдаушы мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін билет құнының 3 процентін айыппұл ретінде төлеуге міндетті. Онда да тасымалдаушы рейстің кешігуі еңсерілмейтін күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса төлейді. Айтпақшы, айыппұл сомасын сатып алынған тариф құнынан асыруға болмайды.
Айыппұл жолаушының өтінішімен тасымалдаушының интернет-ресурсы және билеттер сату пункттері арқылы жүргізіледі.
Талапты бұзған тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.