АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев көптеген ресейліктер сияқты биыл Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының жеңіспен аяқталуын күтетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі тенденция сондай үміт береді.
"Міне, ақпанның ортасынан астық. Сондықтан нақты трендтер қалыптасты деуге негіз бар. Мен нені күтемін? Көптеген отандасым сияқты арнайы әскери операцияның жеңіспен аяқталуын күтемін. Қазір барлық күш те осы бағытқа жұмылдырылған деп ойлаймын. Отан қорғаушылардың елге оралуын күтемін", - деді Медведев.
Оның айтуынша, мемлекет қиындықтарға қарамастан өмір сүріп, жұмыс істеп, дамып келеді.