https://sputnik.kz/20220603/resey-arnayy-operatsiya-medvedev-25262095.html
Ресейдің арнайы операция өткізбеуіне болар ма еді – Медведев жауап берді
Ресейдің арнайы операция өткізбеуіне болар ма еді – Медведев жауап берді
Sputnik Қазақстан
Жағдайдың бейбіт шешілуіне ең алдымен Украинаға өз көзқарасы мен ұстанымын тықпалағандар кедергі келтірді, дейді ол 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T10:31+0500
2022-06-03T10:31+0500
2022-06-03T10:33+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
украина
дмитрий медведев
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/18/15287103_0:0:2981:1677_1920x0_80_0_0_72b07e1d8d09911555606468e7124b11.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Белгілі бір кезеңнен бастап Ресейдің Украинада арнайы операция өткізуден басқа амалы қалмады, деп мәлімдеді Дмитрий Медведев. Ресей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы орынбасарының айтуынша, "жағдайдың бейбіт бағытта өрбуі әбден мүмкін еді, алайда НАТО ұстанымы тараптарға келісімге келуге мүмкіндік бермеді", деп хабарлады РИА Новости. Ол сол күйі қағаз жүзінде қалған Минск келісімі мен 2014 жылғы оқиғалар туралы еске салды. "Жағдайдың бейбіт шешілуіне ең алдымен Украинаға өз көзқарасы мен ұстанымын тықпалағандар кедергі келтірді. Мен бұл кім екенін ашық айтамын. Бұл – Америка Құрама Штаттары, Еуропа елдері мен бүтіндей Солтүстікатлантикалық альянс. Оның деструктивті ұстанымы болмағанда, бір мәмілеге келуге болар еді", - деді Медведев. Оның айтуынша, соққы жасайтын зымыран жүйелерін орнату үшін Ресеймен шекарада НАТО-ның шетелдік базаларын орналастыру "қауіпсіздік мәселелерінің астаң-кестеңін шығарды". "Бұл бізге үлкен қауіп төндірер еді. Ол жайлы бірнеше рет ескерттік. Украинаның өзіне ядролық қаруды қайтаруға деген ниетін ресми түрде жариялауы соңғы шешім қабылдауға ықпал еткен болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда біздің ел барынша өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет еді. Сондықтан ел президенті арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдады", - деп түсіндірді Медведев.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/18/15287103_70:0:2801:2048_1920x0_80_0_0_857467c5f28d551930432e963fd3701d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина, дмитрий медведев
ресей, украина, дмитрий медведев
Ресейдің арнайы операция өткізбеуіне болар ма еді – Медведев жауап берді
10:31 03.06.2022 (жаңартылды: 10:33 03.06.2022) Жағдайдың бейбіт шешілуіне ең алдымен Украинаға өз көзқарасы мен ұстанымын тықпалағандар кедергі келтірді, дейді ол
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Белгілі бір кезеңнен бастап Ресейдің Украинада арнайы операция өткізуден басқа амалы қалмады, деп мәлімдеді Дмитрий Медведев.
Ресей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы орынбасарының айтуынша, "жағдайдың бейбіт бағытта өрбуі әбден мүмкін еді, алайда НАТО ұстанымы тараптарға келісімге келуге мүмкіндік бермеді", деп хабарлады
РИА Новости.
"Алдымен қысқа жауап берейін: белгілі бір кезеңнен бастап арнайы операциядан басқа жол қалмады. Белгілі бір уақытқа дейін оқиғаның бейбіт бағытта өрбуі әбден мүмкін еді", - деді Медведев.
Ол сол күйі қағаз жүзінде қалған Минск келісімі мен 2014 жылғы оқиғалар туралы еске салды.
"Жағдайдың бейбіт шешілуіне ең алдымен Украинаға өз көзқарасы мен ұстанымын тықпалағандар кедергі келтірді. Мен бұл кім екенін ашық айтамын. Бұл – Америка Құрама Штаттары, Еуропа елдері мен бүтіндей Солтүстікатлантикалық альянс. Оның деструктивті ұстанымы болмағанда, бір мәмілеге келуге болар еді", - деді Медведев.
Оның айтуынша, соққы жасайтын зымыран жүйелерін орнату үшін Ресеймен шекарада НАТО-ның шетелдік базаларын орналастыру "қауіпсіздік мәселелерінің астаң-кестеңін шығарды".
"Бұл бізге үлкен қауіп төндірер еді. Ол жайлы бірнеше рет ескерттік. Украинаның өзіне ядролық қаруды қайтаруға деген ниетін ресми түрде жариялауы соңғы шешім қабылдауға ықпал еткен болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда біздің ел барынша өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет еді. Сондықтан ел президенті арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдады", - деп түсіндірді Медведев.