Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі қайта қаралады - денсаулық министрі

41 ауру түрлері бойынша пациенттер тек 50%-ға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыруға кірісті.
“Онда препараттардың сапасын бақылау шараларына басымдыққа беріледі”,- деді Әлназарова миристрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, соңғы жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындары екі есеге артты. Алайда 41 ауру түрлері бойынша пациенттер тек 50%-ға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
“Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке орай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді”,- деп атап көрсетті министр.
Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттауы мүмкін