https://sputnik.kz/20231104/keybir-dari-darmekter-100-payyzga-qymbattaydy-39915602.html
Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттауы мүмкін
Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттауы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Жаңа жылдан бастап медициналық таза спирттің литріне 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге акциз салығы салынады 04.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-04T09:18+0500
2023-11-04T09:18+0500
2023-11-04T10:39+0500
дәрі-дәрмек
салық
https://sputnik.kz/img/1443/42/14434225_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_1c3ad7608b92306e70e8f143153b63f1.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстандае йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін. Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады, деп хабарлады КТК."Атамекен" ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың болжауынша, қазір тиын-тебен тұратын бұл препараттардың бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі.25 миллилитр құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, сол аралықта тұратын корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін. Өйткені медициналық таза спирттің литріне салынатын акциз көлемі 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге. Ал біздің нарықта Ресей мен Беларусьта өндірілген дәл осы дәрілер әлдеқайда арзанырақ. Өйткені бұл мемлекеттерде нақты осы препараттарға акциз салығы жоқ екен. Сондықтан тұтынушы әлбетте бәсекелестер шығарған қолжетімдісін таңдайтынын айтады. Сондықтан отандық фармацевттер өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын да қысқартуына тура келеді дейді. "Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді өндіруде қолданылатын этил спиртіне акциз салынады. Акциз салу, құрамында алкоголь пайдаланылатын өнім бағасының қатты өсуіне әкеп соғады. Бүгінде осындай 130-ға жуық тауар бар. Отандық өнімдер өндірісте қолданылатын алкоголь мөлшеріне байланысты 30-дан 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін", - дейді Назгүл Қабдырахманова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1443/42/14434225_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_f9d17c842f51c1bb643cb06854161e37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, салық
Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттауы мүмкін
09:18 04.11.2023 (жаңартылды: 10:39 04.11.2023) Жаңа жылдан бастап медициналық таза спирттің литріне 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге акциз салығы салынады
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстандае йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін. Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады, деп хабарлады
КТК. "Атамекен" ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың болжауынша, қазір тиын-тебен тұратын бұл препараттардың бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі.
25 миллилитр құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, сол аралықта тұратын корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін. Өйткені медициналық таза спирттің литріне салынатын акциз көлемі 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге. Ал біздің нарықта Ресей мен Беларусьта өндірілген дәл осы дәрілер әлдеқайда арзанырақ. Өйткені бұл мемлекеттерде нақты осы препараттарға акциз салығы жоқ екен. Сондықтан тұтынушы әлбетте бәсекелестер шығарған қолжетімдісін таңдайтынын айтады. Сондықтан отандық фармацевттер өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын да қысқартуына тура келеді дейді.
"Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді өндіруде қолданылатын этил спиртіне акциз салынады. Акциз салу, құрамында алкоголь пайдаланылатын өнім бағасының қатты өсуіне әкеп соғады. Бүгінде осындай 130-ға жуық тауар бар. Отандық өнімдер өндірісте қолданылатын алкоголь мөлшеріне байланысты 30-дан 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін", - дейді Назгүл Қабдырахманова.