Майқайыңдағы апат: инвесторлар руда орнын топырақпен толтырмаған

Ведомствоны ендігі мазалап отырғаны — 30 жылдан бері күндіз-түні қазылған кен орындарындағы апаттың алдын алу
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. "Майқайыңалтындағы" апатты жағдай басқа кен орындарында қайталануы мүмкін. Себебі бұған дейін жер қойнауындағы қазба байлықты игеруді ғана білген инвесторлар рудалардың орнын топырақпен толтырмай, тек бетін жауып кете берген, деп хабарлайды КТК.
"Рудаларды алғаннан кейін, әрине, бос орындар қалады. Бірақ ол бос орындарды толтыру керек. Майқайыңда бос орынды бітеу деген ұғым бар. Сонымен толтыру керек болған. Бірақ ол жерде жобаға өзгеріс енгізіп, толтыратынын алып тастаған. Сондықтан бос орын қалды", - дейді ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев.
Ведомствоны ендігі мазалап отырғаны — 30 жылдан бері күндіз-түні қазылған кен орындарындағы апаттың алдын алу. Іші қуыс қалған кен орындары қазір жіпке тізілуде. Ал "Майқайыңалтын" аумағында шұңқырға құлаған екі адамның мәйітін іздестіру 30 наурызда жалғасуы мүмкін.
Тау жынысының құлау қаупін енді сараптама қорытындысы көрсетуге тиіс. Әзірге алғашқы сканерлеу нәтижесі құлаған автобустың тағы да жеті метр тереңдікке сырғығанын анықтаған. Құтқару жұмыстарына шетелдік мамандардың тартылмайтынын төтенше жағдайлар министрігі бүгін ашып айтты.
"Негізгі жұмыс экскаватор шұңқыр қазады. Машинаға тиеп шығарады. Бұл жерде қандай шет елден күш керек? Қарапайым жұмыс қана", - дейді Танабаев.
"Майқайыңалтын" фабрикасы жұмысын тоқтатады