"Майқайыңалтын" фабрикасы жұмысын тоқтатады

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Valeriy BUGAYEVПоиски провалившегося автобуса в Павлодарской области продолжаются
Поиски провалившегося автобуса в Павлодарской области продолжаются - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2024
Жазылу
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап кәсіпорын жұмысын қайта бастауды жоспарлап отыр
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысын тоқтатуға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыровтың айтуынша, бүгінгі таңда "Майқайың-алтын" АҚ кәсіпорнының штат саны 933 адамды құрайды. Оның ішінде 143 қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысында, 30 қызметкер бала күтіміне, 42 қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты демалыста, бес адам ҚР Қарулы күштері қатарына шақырылды.
"Бүгінгі таңда жалақысының 50%-ы төленген 153 қызметкердің жұмысы тоқтап тұр, бұл – шахтаның 109 қызметкері және тау-кен техникасы учаскесінде жұмыс істейтін 44 адам", – дейді Абылай Сабыров.
"Майқайың-алтын" АҚ жұмыс берушісінің ауызша түсіндірмесіне сәйкес қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысын тоқтатуға дайындық жүргізіп жатыр. Шамамен ағымдағы жылдың 22-23 ақпанынан бастап тоқтату жоспарлануда, бұл ретте кәсіпорын қызметкерлеріне жалақысының 50%-ы төленетін болады.
Жұмысы тоқтатылатын қызметкерлердің саны туралы ақпаратты кәсіпорын пысықтауда, нақты санын "Майқайың-алтын" АҚ басшылығы ағымдағы аптаның соңына дейін хабарлауды жоспарлауда.
Жұмыс берушінің ақпараты бойынша қызметкерлерді толық жұмыстан босату мәселесі қарастырылмайды. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап кәсіпорын жұмысын қайта бастауды жоспарлап отыр.
Еске салайық, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Апат кезінде онда төрт адам болған. Дәл сол күні екеуінің денесі табылды.
Майқайыңалтын АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Майқайың кенішіндегі апат: іздестіру жұмыстарына шетелдік мамандар тартыла ма
Жаңалықтар
0