Шымкент тұрғыны жалған доллар сатқаны үшін сотталды

Қалалық сот оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласында жалған доллар сатқан ер адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғыны дәмханалардың біріне барып, жалған 100 долларлық банкноттармен жалпы сомасы 1 900 АҚШ долларын сатқысы келген. Бірақ ақшаны айырбасау кезінде қолға түсті.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адамның кінәсі дәлелденді. Шымкент соты оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қолма-қол ақшаны алғанда мұқият болуға кеңес берді.
Қырғызстанның күш құрылымдары жалған доллар сатқан екі қазақстандықты ұстады