Қырғызстанның күш құрылымдары жалған доллар сатқан екі қазақстандықты ұстады

© AFP 2024 / TED ALJIBEАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Трансұлттық топ Қазақстан мен Қырғызстанда қолдан жасалған доллар сатумен айналысқан, деп хабарлады Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.
Топ мүшелері "Оптима Банк" ААҚ терминалдары арқылы банк карталарын толтыру, сондай-ақ Бішкектегі ақша айырбастау пункттерінде сату арқылы жалған 100 долларлық купюраларды "жылыстатқан".
"Қылмыстық іс аясында құны 45 мың доллардан асатын 100 долларлық жалған банкноталар анықталып, заңсыз айналымнан алынды", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазір топ мүшелері ұсталды. Қырғызстанның төрт азаматы мен Қазақстанның екі азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Топқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр.
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Ұлттық банк алаяқтардан сақ болуға шақырды
Жаңалықтар
0