Қазақстанда 13 мыңға жуық шетелдік нәпақа тауып жүр

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер – Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетелден Қазақстанға келіп, нәпақа тауып жүрген 565 адам басшылар мен олардың орынбасарлары, ал 2 671 құрылымдық бөлімшелердің басшылары.
"Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі – мамандар мен білікті жұмысшылар, жалпы саны 6466 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам жұмыс істейді", - дейді министрлік.
Шетелдіктерге жұмыс беріп отырған қазақстандық жұмыс берушілер саны – 1 657. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2%-і.
Шетелден күнкөріс үшін келгендердің басым көпшілігі құрылыс саласын жағалайды. Одан кейінгі орында – өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығында 600 шетелдік жұмыс істеп жүр.
Маңғыстау облысында үш күнде 200 ден астам заңсыз мигрант анықталды