Қазақстанда 13 мыңға жуық шетелдік нәпақа тауып жүр

© Photo : акимат Алматы Алматыдағы құрылыс
 Алматыдағы құрылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Жазылу
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер – Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетелден Қазақстанға келіп, нәпақа тауып жүрген 565 адам басшылар мен олардың орынбасарлары, ал 2 671 құрылымдық бөлімшелердің басшылары.
"Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі – мамандар мен білікті жұмысшылар, жалпы саны 6466 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам жұмыс істейді", - дейді министрлік.
Шетелдіктерге жұмыс беріп отырған қазақстандық жұмыс берушілер саны – 1 657. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2%-і.
Шетелден күнкөріс үшін келгендердің басым көпшілігі құрылыс саласын жағалайды. Одан кейінгі орында – өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығында 600 шетелдік жұмыс істеп жүр.
Автобусный тур в Хоргос обойдется в 6 тысяч тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Маңғыстау облысында үш күнде 200 ден астам заңсыз мигрант анықталды
Жаңалықтар
0