АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 2024 жылғы 20-22 ақпанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз әлсірейді, деп болжады синоптиктер.
"Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын күтілуде, таулы аймақтарда қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеорология орталығы.
Бұл ретте ауа температурасы төмендейді деп күтілуде:
батыста – түнде 10-25 градус, күндіз 5-15 градус аязға дейін;
республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз;
шығыс өңірлерде түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз;
республиканың оңтүстік-шығысында температура түнде 15-25, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп көтеріледі.