https://sputnik.kz/20240219/aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-rayy-qanday-bolady-42373513.html
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Sputnik Қазақстан
Синоптиктер Қазақстанның қай өңірінде күн жылитынын айтты 19.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-19T11:21+0500
2024-02-19T11:21+0500
2024-02-19T11:22+0500
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/08/15683265_59:99:2546:1498_1920x0_80_0_0_2ba52bde7b1b526532482381946ac764.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 2024 жылғы 20-22 ақпанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз әлсірейді, деп болжады синоптиктер."Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын күтілуде, таулы аймақтарда қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеорология орталығы.Бұл ретте ауа температурасы төмендейді деп күтілуде:
https://sputnik.kz/20240219/qazaqstandy-ayazqysyp-tur-19-aqpanda-qanday-zholdar-zhabyldy-42366255.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/08/15683265_358:66:2267:1498_1920x0_80_0_0_8028f9f5d073504926a5b6581f6a9e09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
11:21 19.02.2024 (жаңартылды: 11:22 19.02.2024) Синоптиктер Қазақстанның қай өңірінде күн жылитынын айтты
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 2024 жылғы 20-22 ақпанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз әлсірейді, деп болжады синоптиктер.
"Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын күтілуде, таулы аймақтарда қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеорология орталығы.
Бұл ретте ауа температурасы төмендейді деп күтілуде:
батыста – түнде 10-25 градус, күндіз 5-15 градус аязға дейін;
республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз;
шығыс өңірлерде түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз;
республиканың оңтүстік-шығысында температура түнде 15-25, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп көтеріледі.