АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Биыл 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50 процентке өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Былтыр қыркүйек айында 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы артқан. Биыл жаңа оқу жылынан бастап оның көлемі тағы 50 процентке өседі. Ал шәкіртақының ұлғайтылған көлемін алатын студенттердің саны 300 мыңға жетеді.
"Сонда орта буын мамандықтарының студенттері 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі", - дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Айта кетері, Қазақстандағы колледждерде барлығы 542 мың студент білім алып жүр. Олардың ішінде 344 мың адам тегін оқиды.