"180 мың теңге жинадық": Петропавлда жақсы оқитын оқушылар шәкіртақы алып жүр

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Жазылу
Ынталандыру шәкіртақысын осы мектептің түлегі, қаладағы меценаттардың бірі өз қалтасынан төлейді. Ол айына шамамен бұл мақсатқа бір миллион теңге аударады
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Петропавлдағы мектептердің бірінде жүзден астам балаға ай сайын қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Осының арқасында озат оқушы көбейген, деп хабарлады Хабар 24.
Максим Серенко төртінші сыныпта оқиды. Оқуда озат, өнерде өрелі, ал спортта алда. Ең сүйікті пәні - дене шынықтыру. Сабағын кілең беске оқитындықтан ай сайын шәкіртақы алады. Оны қажетіне жұмсайды.
"Тіл үйрену үшін арнайы студияға барып, курсқа қатысып жүрмін. Себебі ол болашақта өзіме керек болады ғой. Оқудың ақысын шәкіртақымнан төлеймін", - дейді Максим Серенко.
Аталған білім ұясында мыңға жуық оқушы білім алады. Әр тоғызыншы бала - оқу озаты.
Төленетін шәкіртақы сомасы балалардың жас ерекшелігіне байланысты. Мысалы екінші сынып оқушыларына 3 мың теңге, ал жоғары сыныптағылар 20 мың теңгеге дейін алады.
"Қазір қажетті затты ата-анамнан сұрамай, өзім сатып алуға тырысамын. Сіңілім де осы мектепте озат оқушы. Екеуіміз шәкіртақымызды жинап, 180 мың теңгеге күшік алдық. Бұл біздің көптен бергі арманымыз еді", - дейді Полина Васильева.
Мұндай бастаманың арқасында балалар сабаққа ден қойып, үнемі жақсы көрсеткіштерге ұмтылады, дейді мектеп директоры. Былтыр 49 оқушы халықаралық, тағы 56-сы республикалық олимпиадаларда топ жарған.
"Шәкіртақы алу үшін басқа мектептен бізге ауысқысы келетіндер көбейді. Сондай-ақ балалардың оқуға деген қызығушылығы артты. Яғни уақыт өткен сайын мектебімізде білім сапасы жақсарып келеді", - дейді мектеп директоры Аққу Омарова.
Ынталандыру шәкіртақысын осы мектептің түлегі, қаладағы меценаттардың бірі өз қалтасынан төлейді. Ол айына шамамен бұл мақсатқа бір миллион теңге аударады.
Жаңалықтар
0