АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Якутияда қазақстандық мектеп оқушыларының сурет көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлады Астанадағы Орыс үйі.
Якутия оқушылары "Достық хаттарымен" қатар Астана мен Талдықорғандағы құрдастарынан Қазақстанның әртүрлі аймақтарында мекендейтін қорғауға алынған жануарлардың суреттерін алды.
"Нәтижесінде тұтас экспозиция жасалды! Якутск қаласындағы Иннокентьевская гимназиясында ашылған қазақ оқушылары жұмыстарының көрмесі "Қорықтағы сабақтар" бірлескен жұмысының қорытындысы болды", - делінген хабарламада.
Акцияны Қазақстан педагогикалық клубы, Астанадағы Орыс үйі және Якутск қаласының Иннокентьевская гимназиясы ұйымдастырды
Бұған дейін Қарағандыдағы музейлерде қаланың 90 жылдығына орай көрмелер ашылғаны хабарланған болатын.
Қарағандының көрінісі бейнеленген картиналар, ескі фотосуреттер, құрылысшылар мен кеншілердің портреттері, шахталардың макеттері, арнай киімдер мен шахтер шамдары қала тарихынан сыр шертеді.
1931 жылы кеншілер ауылының орнында қала құрылысы басталды. 1934 жылы көпқабатты үйлер бой көтеріп, сол жылдың 10 ақпанында Қарағанды қала мәртебесін алды.