АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Еуроодақ Киевке әскери ұсынымдар дайындаған. Олардың қатарында "Ресейдің жүрегіне жететін" ұзақ қашықтыққа ұшатын қару-жарақ жеткізуге баса назар аудару бар.
Украинадағы төңкерістің 10 жылдығына арналған конференцияда Лавров өзіне жеткізілген ақпаратқа сәйкес, Еуроодақтың сыртқы саясат қызметі Украинаның әскери жеңіліске ұшырауына байланысты ұсыныстар әзірлегенін айтты.
Трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
"Еуроодақ сипаттағандай, Украинаға "Ресейдің жүрегіне жететін" ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ жеткізуге басымдық береді", - деді Ресей сыртқы істер министрі.
Ол Батыс осылайша Ресей қоғамында дүрбелең тудырғысы келетінін айтты.
Министрдің айтуынша, Батыс Киевті қару-жарақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Украина Бас штабының жұмысы қалай жүріп жатқанын қадағалап, оған шабуылдар жасау бойынша кеңестер береді.