Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров Еуроодақтың Ресейге қатысты жоспарларын жариялады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2024
Жазылу
Батыс осылайша Ресей қоғамында дүрбелең тудырғысы келеді
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Еуроодақ Киевке әскери ұсынымдар дайындаған. Олардың қатарында "Ресейдің жүрегіне жететін" ұзақ қашықтыққа ұшатын қару-жарақ жеткізуге баса назар аудару бар.
Украинадағы төңкерістің 10 жылдығына арналған конференцияда Лавров өзіне жеткізілген ақпаратқа сәйкес, Еуроодақтың сыртқы саясат қызметі Украинаның әскери жеңіліске ұшырауына байланысты ұсыныстар әзірлегенін айтты.
Трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
"Еуроодақ сипаттағандай, Украинаға "Ресейдің жүрегіне жететін" ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ жеткізуге басымдық береді", - деді Ресей сыртқы істер министрі.
Ол Батыс осылайша Ресей қоғамында дүрбелең тудырғысы келетінін айтты.
Министрдің айтуынша, Батыс Киевті қару-жарақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Украина Бас штабының жұмысы қалай жүріп жатқанын қадағалап, оған шабуылдар жасау бойынша кеңестер береді.
Жаңалықтар
0