АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қайта сайланса, Киевті Ресеймен келіссөз жүргізуге итермелейді, деп хабарлады Блумберг мән-жайдан хабардар ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
"Дональд Трамп келесі жылы билікке оралса, соғысты тоқтату үшін Украинаны Ресеймен келіссөз жүргізуге итермелеу жолдарын қарастырып жатыр", - деп жазды агенттік.
Агенттіктің мәліметінше Трамптың кеңесшілері экс-президент билікке орала салысымен Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен келіссөз ұйымдастыру мүмкіндігін талқылаған.