https://sputnik.kz/20240117/aqsh-memlekettik-khatshysy-ukrainadagy-beybitshilik-boyynsha-kelissoz-turaly-aytty-41637526.html
АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинадағы бейбітшілік бойынша келіссөз туралы айтты
АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинадағы бейбітшілік бойынша келіссөз туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазір Украинада ұзақ мерзімді бітімге келу туралы келіссөз жақын уақытта болады деп... 17.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-17T16:58+0500
2024-01-17T16:58+0500
2024-01-17T16:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/02/18/32427233_0:0:2560:1441_1920x0_80_0_0_824aad9f2b849d73268e8f735b8c997f.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазір Украинада ұзақ мерзімді бітімге келу туралы келіссөз жақын уақытта болады деп ойламайтынын айтты. Ол бұл туралы Давоста тұрақты ұзақ мерзімді бітімге келу туралы келіссөздің келешегі бар ма деген сұраққа жауап берген жауабында айтты, деп хабарлады РИА Новости.Сонымен бірге ол АҚШ-тың мұндай келіссөзге әрқашан "ашық" екенін, өйткені украиналықтардың осыны қалайтынын айтты. Оның айтуынша, Ресей аумақтық тұтастық, егемендік және тәуелсіздікті негізге ала отырып, мұндай келіссөз жүргізуге дайын болуы керек."Ресей осы аталғандар негізінде келіссөз жүргізуге келіссе, әрине, Украина, АҚШ және көптеген басқа елдер мұны қолдайды", - деді Блинкен.Блинкен Ресейдің иелігінде Украинада арнайы әскери операция жүргізу үшін қажетті орасан зор ресурс бар деп мәлімдеді."Бұл – кескілескен шайқас. Ресейде арнайы әскери операцияға салынып жатқан орасан зор ресурс бар", - деді Блинкен Давоста.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/18/32427233_286:0:2558:1704_1920x0_80_0_0_0935e580f3b6db95bc1b08ab2016c7bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинадағы бейбітшілік бойынша келіссөз туралы айтты
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазір Украинада ұзақ мерзімді бітімге келу туралы келіссөз жақын уақытта болады деп ойламайтынын айтты. Ол бұл туралы Давоста тұрақты ұзақ мерзімді бітімге келу туралы келіссөздің келешегі бар ма деген сұраққа жауап берген жауабында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Дәл қазір мен мұндай келіссөз келешегін көріп отырған жоқпын", - деді Блинкен.
Сонымен бірге ол АҚШ-тың мұндай келіссөзге әрқашан "ашық" екенін, өйткені украиналықтардың осыны қалайтынын айтты. Оның айтуынша, Ресей аумақтық тұтастық, егемендік және тәуелсіздікті негізге ала отырып, мұндай келіссөз жүргізуге дайын болуы керек.
"Ресей осы аталғандар негізінде келіссөз жүргізуге келіссе, әрине, Украина, АҚШ және көптеген басқа елдер мұны қолдайды", - деді Блинкен.
Блинкен Ресейдің иелігінде Украинада арнайы әскери операция жүргізу үшін қажетті орасан зор ресурс бар деп мәлімдеді.
"Бұл – кескілескен шайқас. Ресейде арнайы әскери операцияға салынып жатқан орасан зор ресурс бар", - деді Блинкен Давоста.