АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Бұл туралы Рябков қаңтарда РФ президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков пен АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан телефон арқылы сөйлесті деген ақпаратқа түсініктеме беру барысында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен әртүрлі деңгейдегі, түрлі желілер арқылы байланыстардың мазмұнына түсініктеме бермеймін. Кейде телефон арқылы сөйлесіп, екі жақтың жоғары лауазымды шенеуніктері өзара бағалау пікірімен алмасады. Біздің тарапымыздан барлық қажетті сигналдар АҚШ әкімшілігіне жеткізіледі. Бірақ мен нақты мәліметтерге түсініктеме беруге дайын емеспін және жалпы мұндай байланыстардың мазмұнын жария ету дипломатиялық қарым-қатынас ережелеріне қайшы", - деді Рябков.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәскеу Вашингтонға Украинадағы жағдайдың шиеленісу қаупі туралы сигнал беріп жатқанын айтты.
"Мен қандай тақырып қозғалғанын, бір кездері болған әңгімелерді, соның ішінде кейбір бейресми жазбаларды немесе ноталарды ашып айта алмаймын. Украина талқылауларда сюжет ретінде бар және біздің беріп жатқан сигналымыз айқын: қазір америкалық бағыттың басты назарында эскалация тұр. Бұл өте қауіпті. Біз бұл сигналды оларға жеткіздік және оны барлық қолжетімді арналар арқылы жеткізіп жатырмыз", - деді Рябков.