https://sputnik.kz/20240215/resey-ukrainadagy-zhagdaydyn-shielenisu-qaupi-turaly-aqsh-qa-eskertti--rf-sim-42320646.html
Ресей Украинадағы жағдайдың шиеленісу қаупі туралы АҚШ-қа ескертті – РФ СІМ
Ресей Украинадағы жағдайдың шиеленісу қаупі туралы АҚШ-қа ескертті – РФ СІМ
Sputnik Қазақстан
Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері арасында телефон арқылы сөйлесулер эпизодтық сипатта жүріп жатыр, деп хабарлады журналистерге РФ... 15.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-15T16:49+0500
2024-02-15T16:49+0500
2024-02-15T16:49+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Бұл туралы Рябков қаңтарда РФ президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков пен АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан телефон арқылы сөйлесті деген ақпаратқа түсініктеме беру барысында айтты, деп хабарлады РИА Новости."Мен әртүрлі деңгейдегі, түрлі желілер арқылы байланыстардың мазмұнына түсініктеме бермеймін. Кейде телефон арқылы сөйлесіп, екі жақтың жоғары лауазымды шенеуніктері өзара бағалау пікірімен алмасады. Біздің тарапымыздан барлық қажетті сигналдар АҚШ әкімшілігіне жеткізіледі. Бірақ мен нақты мәліметтерге түсініктеме беруге дайын емеспін және жалпы мұндай байланыстардың мазмұнын жария ету дипломатиялық қарым-қатынас ережелеріне қайшы", - деді Рябков.Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәскеу Вашингтонға Украинадағы жағдайдың шиеленісу қаупі туралы сигнал беріп жатқанын айтты."Мен қандай тақырып қозғалғанын, бір кездері болған әңгімелерді, соның ішінде кейбір бейресми жазбаларды немесе ноталарды ашып айта алмаймын. Украина талқылауларда сюжет ретінде бар және біздің беріп жатқан сигналымыз айқын: қазір америкалық бағыттың басты назарында эскалация тұр. Бұл өте қауіпті. Біз бұл сигналды оларға жеткіздік және оны барлық қолжетімді арналар арқылы жеткізіп жатырмыз", - деді Рябков.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина
Ресей Украинадағы жағдайдың шиеленісу қаупі туралы АҚШ-қа ескертті – РФ СІМ
Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері арасында телефон арқылы сөйлесулер эпизодтық сипатта жүріп жатыр, деп хабарлады журналистерге РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Бұл туралы Рябков қаңтарда РФ президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков пен АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан телефон арқылы сөйлесті деген ақпаратқа түсініктеме беру барысында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен әртүрлі деңгейдегі, түрлі желілер арқылы байланыстардың мазмұнына түсініктеме бермеймін. Кейде телефон арқылы сөйлесіп, екі жақтың жоғары лауазымды шенеуніктері өзара бағалау пікірімен алмасады. Біздің тарапымыздан барлық қажетті сигналдар АҚШ әкімшілігіне жеткізіледі. Бірақ мен нақты мәліметтерге түсініктеме беруге дайын емеспін және жалпы мұндай байланыстардың мазмұнын жария ету дипломатиялық қарым-қатынас ережелеріне қайшы", - деді Рябков.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәскеу Вашингтонға Украинадағы жағдайдың шиеленісу қаупі туралы сигнал беріп жатқанын айтты.
"Мен қандай тақырып қозғалғанын, бір кездері болған әңгімелерді, соның ішінде кейбір бейресми жазбаларды немесе ноталарды ашып айта алмаймын. Украина талқылауларда сюжет ретінде бар және біздің беріп жатқан сигналымыз айқын: қазір америкалық бағыттың басты назарында эскалация тұр. Бұл өте қауіпті. Біз бұл сигналды оларға жеткіздік және оны барлық қолжетімді арналар арқылы жеткізіп жатырмыз", - деді Рябков.