Алматыда тағы да жер сілкінді

Сейсмологтардың мәліметі бойынша екі балдық дүмпу болған
Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғындары тағы да жерасты дүмпулерін сезді.
15 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09.52-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Бұл афтершок.
Сезілу туралы мәлімет (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда – екі балл.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6,
MPV магнитудасы – 5,2,
тереңдігі – 5 километр.
Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар