АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 15-17 ақпанда Қазақстан аумағында 38 градусқа дейін аяз болады деп болжап отыр.
15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынды болады, кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.
Батыста ауа температурасы түнде 12-30 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 градусқа дейін, оңтүстікте 10-30 градусқа дейін, 17 ақпанда оңтүстікте шығыста 15-28 градусқа дейін аяз болады.