https://sputnik.kz/20240208/astana-akimi-qarly-boranga-baylanysty-koshege-shyqpauga-kenes-berdi-42166034.html
Астана әкімі қарлы боранға байланысты көшеге шықпауға кеңес берді
Астана әкімі қарлы боранға байланысты көшеге шықпауға кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Барлық қалалық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр 08.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-08T18:12+0500
2024-02-08T18:12+0500
2024-02-08T18:12+0500
астана
боран
https://sputnik.kz/img/424/67/4246784_0:247:3568:2254_1920x0_80_0_0_34130a03f045b732605c7631d77cb650.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қарлы боранға байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала басшысы "қарт адамдар мен балалар жарақат алмас үшін далаға шықпауы керек" екенін айтты.Әкім көлік иелері мен жаяу жүргіншілер жолда өте сақ болуы, қашықтықты және барлық жол қозғалысы ережелерін сақтау керектігін баса айтты.Ол сондай-ақ ауа райы болжамы және енгізілген шектеулер, оның ішінде қаланың тас жолдарына қатысты ақпаратты бақылап отыруды сұрады.Бұған дейін Астана әуежайы қатты желге байланысты он бес рейсті тоқтатқаны хабарланды. Жолаушыларға өз рейстеріне қатысты ақпарат алу үшін авиакомпанияларға хабарласуға кеңес берілді.Аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмысқа 23 арнайы техника жұмылдырылған.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/424/67/4246784_118:0:3451:2500_1920x0_80_0_0_c82552f2685e414f8bc2f911d5dfd99c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, боран
Астана әкімі қарлы боранға байланысты көшеге шықпауға кеңес берді
Барлық қалалық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қарлы боранға байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала басшысы "қарт адамдар мен балалар жарақат алмас үшін далаға шықпауы керек" екенін айтты.
"Қарлы боран мен желдің күшеюіне байланысты қаланың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қала көшелерін қардан тазалауды жалғастыруда, қажет болған жағдайда жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр", - деді Қасымбек.
Әкім көлік иелері мен жаяу жүргіншілер жолда өте сақ болуы, қашықтықты және барлық жол қозғалысы ережелерін сақтау керектігін баса айтты.
Ол сондай-ақ ауа райы болжамы және енгізілген шектеулер, оның ішінде қаланың тас жолдарына қатысты ақпаратты бақылап отыруды сұрады.
Бұған дейін Астана әуежайы қатты желге байланысты он бес рейсті тоқтатқаны хабарланды. Жолаушыларға өз рейстеріне қатысты ақпарат алу үшін авиакомпанияларға хабарласуға кеңес берілді.
Аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмысқа 23 арнайы техника жұмылдырылған.