Жаңа министрлер Қазақстан халқына ант берді

Қайта жасақталған үкіметтің құрамында 4 жаңа министр бар
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Үкіметтің сейсенбідегі дәстүрлі отырысы ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілішісі.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қаржы министрі Мәди Тәкиев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ант берді.
"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін", - деп ант берді шенеуніктер.
Еске сала кетейік, қайта жасақталған үкіметтің құрамында 4 жаңа министр бар.
Инфографика
Үкіметтің құрамы қалай өзгерді