Инфографика

Үкіметтің құрамы қалай өзгерді

Жазылу
Қазақстанда премьер-министр қызметіне 43 жастағы Олжас Бектенов тағайындалды. Жаңа үкіметтің құрамы қалай өзгергені туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз
Ал үкіметтің құрамы қатты өзгерген жоқ. Бұған дейінгі министрлердің басым бөлігі өз орнында қалды. Төртеуі ғана ауысты. Олар – денсаулық сақтау, қаржы, төтенше жағдайлар және ұлттық экономика министрлері. Соңғысы премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарады. Осылайша, үкіметте экономика саласына ерекше басымдық беріліп отыр.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев негізгі мақсат-міндетті де еске салды. Үкімет 2029 жылға қарай экономиканың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуі керек. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.
Жаңалықтар
0