АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Астанада жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері 400 млн теңгені ойынханада ұтылып қалған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жасаған ЖШС бухгалтері сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Кінәлі әйел мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестиция салуға болатыны туралы өтірік айтып, 385,9 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның барлығын дерлік казинода ұтылған", - дейді ведомство.
Сотталушының кінәсі дәлелденді, үкім заңды күшіне енді.