Астанада есепші казинода 400 млн теңге ұтылған

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуКазино
Казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
ЖШС бухгалтері сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Астанада жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері 400 млн теңгені ойынханада ұтылып қалған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жасаған ЖШС бухгалтері сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Кінәлі әйел мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестиция салуға болатыны туралы өтірік айтып, 385,9 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның барлығын дерлік казинода ұтылған", - дейді ведомство.
Сотталушының кінәсі дәлелденді, үкім заңды күшіне енді.
Петля, сделанная из кабеля для компьютера. Архивное фото. - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2023
Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік өзіне қол жұмсады
Жаңалықтар
0