Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін: құтқарушылар блок бекет қойды

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардан тауға шықпауға кеңес берді
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазгидромет Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, Төтенше жағдайлар департаменті қауіпті аймақтарға кіруге шектеу қойды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"13-14 ақпан аралығында "Алматы қаласы–Космостанция" автожолындағы "Аюсай" бөгетінен жоғары және "Шымбұлақ – Мыңжылқы бөгеті" автожолындағы "Эдельвейс" көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды", - делінген хабарламада.
Ведомство алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды сұрады.
Бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ассы обсерваториясының жанында қар көшкіні болғаны хабарланды.
Қар көшкіні 11 ақпанда сағат 09 сағат 10 минутта болған, жалпы көлемі 52,5 текше метр.
"Салдарынан "Түрген ауылы- Батан шатқасы" облыстық маңызы бар тасжолы жабылды", - деп атап өтті ТЖМ.
Азаматтардың және автокөліктің қауіпсіздігі үшін осы учаске бойындағы жол 1 мамырға дейін жабылды.
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді