Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

© Photo : пресс-служба ДЧС АлматыЛавина в горах Алматы
Лавина в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2024
Жазылу
Азаматтардың және автокөліктің қауіпсіздігі үшін осы учаске бойындағы жол 1 мамырға дейін жабылды
АЛМАТЫ, 11 ақпан - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ассы обсерваториясының жанында қар көшкіні болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қар көшкіні 11 ақпанда сағат 09 сағат 10 минутта болған, жалпы көлемі 52,5 текше метр.
"Салдарынан "Түрген ауылы- Батан шатқасы" облыстық маңызы бар тас жолы жабылды. "Қазселденқорғау" ММ автожолды қардан тазартып жатыр. Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда өтуде. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ", - дейді ведомство.
Азаматтардың және автокөліктің қауіпсіздігі үшін осы учаске бойындағы жол 1 мамырға дейін жабылды.
"Есік қаласы - Есік көлі автожолының 15 километрінен 41 километріне дейін, сонымен қатар Есік және Түрген 20 км Түрген-Батан ауылы-Ассы- обсерваториясы автожолының 41 км дейін жабылды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жабылған автожолдарда 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған
Жаңалықтар
0