Танымал брендтің атын жамылған: Шымкентте қолдан жасалған тәттілер тәркіленді

Жасанды өнімдер "Kit Kat" және "Nesquik" сияқты танымал брендтермен таңбаланған
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Шымкентте 48 мыңнан астам контрафактілік тәттілер тәркіленді, деп хабарлайды OTYRAR.
Бұл өнімдер "Kit Kat" және "Nesquik" сияқты танымал брендтермен таңбаланған.
Жалған өнім Шымкентте "Б" ЖШС компаниясы арқылы көтерме сату арқылы таратылыпты. "Nestle S. A." компаниясының өтінішімен тексеру жүргізілген.
"Қазіргі уақытта іс материалдары Шымкент қаласы әділет департаментінің өндірісінде және тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапты адамды жазаға тарту туралы шешім қабылданып жатыр", - делінген Әділет министрлігінің ресми хабарламасында.
Құқық иесіне келтірілген залалдың сомасына байланысты тексеру материалдары сотқа тапсырылады немесе кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экономикалық тергеу қызметіне беріледі.
"Тұтынуға жарамсыз, зиянды": Шымкентте танымал энергетикалық сусындар қолдан жасалған