https://sputnik.kz/20230911/tutynuga-zharamsyz-ziyandy-shymkentte-tanymal-energetikalyq-susyndar-qoldan-zhasalgan-38335224.html
"Тұтынуға жарамсыз, зиянды": Шымкентте танымал энергетикалық сусындар қолдан жасалған
"Тұтынуға жарамсыз, зиянды": Шымкентте танымал энергетикалық сусындар қолдан жасалған
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды 11.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-11T10:19+0500
2023-09-11T10:19+0500
2023-09-11T10:19+0500
энергетикалық сусын
https://sputnik.kz/img/648/28/6482809_0:188:1921:1268_1920x0_80_0_0_de73ba220f185940fb22dcf0a24def77.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында танымал энергетикалық сусынның маркасын шығаратын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Жедел іздестіру шараларына санитар мамандар ғана емес, сол сауда маркасының өкілдері де қатысты. Жасырын цехта 21 мыңнан астам контрафактілік сусынның дайын құтысы, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдықтар, сиямен таңба салатын қондырғы, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді.Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асып отыр. Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы болған. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді.Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
https://sputnik.kz/20230530/almatyda-energetik-ishken-adam-zhansaqtau-bolimine-tusti-35442908.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/648/28/6482809_33:0:1746:1285_1920x0_80_0_0_09348552d3ed28b1d42df2702e14396a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
энергетикалық сусын
"Тұтынуға жарамсыз, зиянды": Шымкентте танымал энергетикалық сусындар қолдан жасалған
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында танымал энергетикалық сусынның маркасын шығаратын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Жедел іздестіру шараларына санитар мамандар ғана емес, сол сауда маркасының өкілдері де қатысты. Жасырын цехта 21 мыңнан астам контрафактілік сусынның дайын құтысы, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдықтар, сиямен таңба салатын қондырғы, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді.
Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асып отыр. Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы болған. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.