АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Қостанай облысындағы "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолының 234-386 шақырымында 250-ге жуық жүк көлігі қар құрсауында қалды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Облыс жолдарындағы шектеу Ақтөбе облысындағы ақтүтек боран басылғанда ғана алынады.
"Ақтөбе облысына дейінгі автожол бойында жүргізушілер мен жолаушыларға қызмет көрсететін сервистер – жанармай құю станциялары, кемпингтер, тамақтану орындары, қонақ үйлер саны жеткіліксіз. Сол себепті Ақтөбе облысы шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралықта жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - дейді ведомство.