Боранда жолда қалып қойған 1272 адам құтқарылды

© Photo : Пресс-служба МЧСАктюбинские спасатели
Актюбинские спасатели  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Оның 75-і – бала
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты 11 өңірде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар 4 учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелген.
Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының, Астана қаласының автожолдарында 1272 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 75-і – бала.
Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысының уақытша орналастыру пунктеріне 1107 адам орналастырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда, "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.
Ауа райы жағдайының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасында, төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.
Жаңалықтар
0