Ауа райына байланысты 48 учаскеде жол жабылды

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 519 техника және 864 адам жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Абай облысында – 1 учаске;
Ақмола облысында – 14 учаске;
Ақтөбе облысында – 5 учаске;
Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;
Қарағанды облысында – 5 учаске;
Қостанай облысында – 7 учаске;
Қызылорда облысында – 1 учаске;
Павлодар облысында – 4 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 519 техника және 864 адам жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына қарамастан боранда жолға шығып кеткен 1272 адам эвакуацияланды.
Боранда жолда қалып қойған 1272 адам құтқарылды