АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда лай басып қалған үйінді астынан бір адамның денесі табылды.
Сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша Алматыда лай көшкіні болған жерде жедел штаб құрылды.
Қазір жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Құтқарушылар осы үйде тұратын әйел мен ер адамды, сондай-ақ бүгін сабаққа келмеген баланы іздестіріп жатыр.
182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Лай басып қалған үйде тұратын адамдардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына иттер де тартылды.
Еске сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануы салдарынан лай көшкіні болды.