АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ ол қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Құтқару қызметі Медеу ауданындағы зақымданған үйде тұратын отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деді Ерболат Досаев.
Батпақты үйінді астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімнің денесі табылды.
Алматы әкімінің тапсырмасымен отбасының барлық мүшесін жерлеуге көмек көрсетіледі.
Қазір шетелде оқитын үлкен ұлы – студентке білім алып жатқан елінде тұруға және білім алуға материалдық қолдау көрсетіледі.