АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Шымкенттік қызметтер жоғары қысымды газ құбырындағы ақауды жойып жатыр.
3 ақпан күні сағат 21:45-те Мәртөбе тұрғын алабында Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырында табиғи газ шығып жатқаны анықталды.
Соның салдарынан 1500 тұтынушы мен жеті өндірістік кәсіпорынға газ беру тоқтатылды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Оқиға орнында 30 жұмысшы мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Әкімдік қала тұрғындарынан газ краны жабық тұрғанына көз жеткізіп, газ иісі шыққан жағдайда 104 нөміріне хабарласуды сұрады.