АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Ақмола обысы Көкшетауда сүндеттелген бала қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бала солтүстік Қазақстан облысы Аққұдық ауылының тұрғыны.
“31 қаңтарда сағат 17:00 шамасында хирургқа қаралу үшін өз бетінше жүгінген. Науқас ішінің төмен жағы ауыратынына шағымданған. Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды”, - дейді ведомство.
Алайда бала сол күні бір жарым сағаттан соң қайтыс болған.
“Бала 28 қаңтарда сүндеттелген. Алдын ала болжам бойынша бала анафилактикалық шок алуы мүмкін. Мәйіт сот медициналық сараптамасына жіберілді, полиция тергеуді бастады”, - дейді денсаулық сақтау басқармасы.