https://sputnik.kz/20240118/qandalany-ulaymyn-dep-balalardy-oltirgen-ayelge-qatysty-sot-ukimi-shyqty-41658540.html
Қандаланы улаймын деп балаларды өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Қандаланы улаймын деп балаларды өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады 18.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-18T16:48+0500
2024-01-18T16:48+0500
2024-01-18T16:48+0500
ақтау
https://sputnik.kz/img/150/02/1500244_0:58:1280:778_1920x0_80_0_0_e32ff9ffed0749023afa701b44bf620c.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Ақтауда қандаланы улаймын деп екі кішкентай баланы өліміне себепші болған қала тұрғыны бес жылға сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Aktau.kz хабарлады.Әйелге санитарлық ережелерді бұзып, абайсызда көршінің екі баласын өлтірді деген айып тағылды.2022 жылдың қазан айында көршісі зиянкестермен күресу үшін қабылдаған әрекеттерден кейін жеті адамнан тұратын отбасы уланғаны белгілі болды. Оқиға салдарынан 2021 және 2022 жылы туған екі бала қайтыс болды.Санитарлық эпидемиологтар анықтағандай, әйел адам қандалаға қарсы құралды Алматының жайма базарынан сатып алған. Ол затты қолдануды бастаған кезде жақын жерде тұратын адамдарға ескертпеген.Бүгін, 18 қаңтарда сот айыпталушыға қатысты үкім шығарғаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабының 3-бөлігімен (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) іс қаралды.Прокурор сотталушыны кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Адвокат жазаны жеңілдететін мән-жайларды және қылмыс абайсызда жасалғанын ескере отырып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінді.Сот прокурордың ұсынысын қолдап, әйелді бес жылға бас бостандығынан айырды.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/02/1500244_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d2f45f7130d40ec5701647c3ad698071.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау
Қандаланы улаймын деп балаларды өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Ақтауда қандаланы улаймын деп екі кішкентай баланы өліміне себепші болған қала тұрғыны бес жылға сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Aktau.kz хабарлады.
Әйелге санитарлық ережелерді бұзып, абайсызда көршінің екі баласын өлтірді деген айып тағылды.
2022 жылдың қазан айында көршісі зиянкестермен күресу үшін қабылдаған әрекеттерден кейін жеті адамнан тұратын отбасы уланғаны белгілі болды. Оқиға салдарынан 2021 және 2022 жылы туған екі бала қайтыс болды.
Санитарлық эпидемиологтар анықтағандай, әйел адам қандалаға қарсы құралды Алматының жайма базарынан сатып алған. Ол затты қолдануды бастаған кезде жақын жерде тұратын адамдарға ескертпеген.
"Тергеу барысында балалардың өліміне әкелген препараттың құрамында аммиак пен карбоксигемоглабиндер бар екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Бүгін, 18 қаңтарда сот айыпталушыға қатысты үкім шығарғаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабының 3-бөлігімен (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) іс қаралды.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Адвокат жазаны жеңілдететін мән-жайларды және қылмыс абайсызда жасалғанын ескере отырып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінді.
Сот прокурордың ұсынысын қолдап, әйелді бес жылға бас бостандығынан айырды.