Қарағандыда 16 конкурстың қорытындысы жойылды

Оған тапсырыс берушілердің келісімшарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қарағандыда прокурор 8,3 миллиард теңгеден астам сомаға конкурстардың қорытындысын жойды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша құны 8,3 млрд теңгеден асатын 16 конкурстың қорытындысы жойылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Мұндай шешімге қаржылық тұрақтылық индикаторы негізінде әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейтін тапсырыс берушілердің келісімшарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болған.
"Мысалы Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігі үш жылдық мерзімге 136 миллион теңгеге ағаштарды санитарлық кесуге конкурс жариялаған", - деп толықтырды ведомство.
Барлық заң бұзушылық қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
Прокурорлар 27 инвестициялық жоба бойынша шара қолданды