https://sputnik.kz/20231017/prokurorlar-27-investitsiyalyq-zhoba-boyynsha-shara-qoldandy-39421826.html
Прокурорлар 27 инвестициялық жоба бойынша шара қолданды
Прокурорлар 27 инвестициялық жоба бойынша шара қолданды
Sputnik Қазақстан
Басты мақсат – әрбір инвесторға қолайлы жағдай жасап, бизнес қауіпсіздігін арттыру 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T21:50+0500
2023-10-17T21:50+0500
2023-10-17T21:50+0500
бизнес
шетелдік инвесторлар
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Прокуратура органдары инвесторлардың проблемаларын жедел шешіп, әкімшілік кедергілерді алып тастау мақсатында фронт-офистер мен мобильді топтар құрды, деп хабарлады Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.Бүгінгі таңда прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны зерделеп жатыр. Қазірдің өзінде 27 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді.Прокуратураның наразылығы бойынша мәселе толық шешілді.Петропавлда прокурорлардың араласуынан кейін инвестор рұқсат құжаттарын алып, көпфункционалды аурухананың құрылысын бастады.Ал Павлодар облысының прокурорлары сүт өнімдері мен кальцийленген сода өндіретін зауыттар салынған шетелдік инвесторлардан жер учаскелерін заңсыз алуға жол бермеді.Бұдан басқа, Ақмола облысында заманауи агроөнеркәсіптік кешен салуға ниеттенген испандық инвестордың жобасын прокурорлар барлық кезеңде сүйемелдеп, іске асыруға көмектескен.Нәтижесінде 400-ден астам ауыл тұрғыны үшін жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік пайда болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес, шетелдік инвесторлар
бизнес, шетелдік инвесторлар
Прокурорлар 27 инвестициялық жоба бойынша шара қолданды
Басты мақсат – әрбір инвесторға қолайлы жағдай жасап, бизнес қауіпсіздігін арттыру
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Прокуратура органдары инвесторлардың проблемаларын жедел шешіп, әкімшілік кедергілерді алып тастау мақсатында фронт-офистер мен мобильді топтар құрды, деп хабарлады Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны зерделеп жатыр. Қазірдің өзінде 27 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді.
"Мысалы, "Шарцем" сингапурлық компаниясы Абай облысындағы цемент зауытын сатып алып, оны дамытуға 24 млрд теңге қаржы салған. Алайда 2 жыл өткеннен кейін белгілі бір жеке кәсіпкердің талабы бойынша сот зауытты сатып алу туралы келісімшартты жарамсыз деп таныған. Бұл жағдай зауытты модернизациялауды тоқтатуға және инвестордың кетуіне әкеп соқтырды", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратураның наразылығы бойынша мәселе толық шешілді.
Петропавлда прокурорлардың араласуынан кейін инвестор рұқсат құжаттарын алып, көпфункционалды аурухананың құрылысын бастады.
Ал Павлодар облысының прокурорлары сүт өнімдері мен кальцийленген сода өндіретін зауыттар салынған шетелдік инвесторлардан жер учаскелерін заңсыз алуға жол бермеді.
Бұдан басқа, Ақмола облысында заманауи агроөнеркәсіптік кешен салуға ниеттенген испандық инвестордың жобасын прокурорлар барлық кезеңде сүйемелдеп, іске асыруға көмектескен.
Нәтижесінде 400-ден астам ауыл тұрғыны үшін жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік пайда болды.