Майқайыңдағы трагедия: құтқарушылар апат орнынан автобустың дөңгелегін тапты

Қазіргі уақытта бұл – шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында Майқайыңдағы адамдар мінген автобус апаты болған жерден құтқарушылар сол автобустың дөңгелегін тапты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта бұл – шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі.
Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні "Майқайыңалтын" АҚ аумағында төрт адам мінген автобус кенішке құлап кеткен болатын. Төрт адамның екеуінің денесі табылды, қалған екі адамды іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүруде. Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда.
Комиссия кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептері:
жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;
"Майқайыңалтын" АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;
блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған деген қорытындыға келді.
Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болды деп отыр.
Майқайыңдағы трагедия: арнайы комиссия апаттың себебі мен кінәлілерді атады