https://sputnik.kz/20240126/shakhtadagy-tragediya-arnayy-komissiya-kinaliler-men-apattyn-sebebin-atady-41851530.html
Майқайыңдағы трагедия: арнайы комиссия апаттың себебі мен кінәлілерді атады
Майқайыңдағы трагедия: арнайы комиссия апаттың себебі мен кінәлілерді атады
Sputnik Қазақстан
Комиссия 7 жауапты адамды анықтады 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T13:53+0500
2024-01-26T13:53+0500
2024-01-26T14:06+0500
апат
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41590548_0:352:1024:928_1920x0_80_0_0_032f0752a44d9d39b60ff1f1104930ae.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы 4-24 қаңтар аралығында жүргізілген тергеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.Жан-жақты тергеу жүргізе отырып, комиссия жұмыс істеген кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері:"Сонымен қатар, бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос жерлері, құлау ықтималдылығы бар екендігі жүргізілмені анықталды", - деп атап өтті ведомство.Кенеттен құлаған тау массасының салдарынан жазатайым оқиға болды.Тергеуге 4 сараптамалық ұйым, оның ішінде Ресей Федерациясының сарапшысы тартылған, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеді."Тергеу нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шараларды және олардың орындалу мерзімдерін айқындады. Оның ішінде шахта директорының, бас инженердің, бас маркшейдердің, учаскелік маркшейдерлердің лауазымдық нұсқаулықтары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып қайта қаралады", - деді министрлік.Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.Апат болған жерде авариялық-құтқару жұмыстары оқиға болған сәттен бастап демалыссыз жүргізіліп жатырТопырақтың геосканизациясы жұмысы мерзімді уақытта жүргізілуде. Жұмыстар өте күрделі жағдайларда жүргізілуде. Тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41590548_0:256:1024:1024_1920x0_80_0_0_e1f8018082a52a0edb0617b9ba81cca3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
апат
Майқайыңдағы трагедия: арнайы комиссия апаттың себебі мен кінәлілерді атады
13:53 26.01.2024 (жаңартылды: 14:06 26.01.2024) Комиссия 7 жауапты адамды анықтады
АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы 4-24 қаңтар аралығында жүргізілген тергеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болды", - делінген хабарламада.
Жан-жақты тергеу жүргізе отырып, комиссия жұмыс істеген кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері:
жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;
"Майқайыңалтын" АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;
блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған деген қорытындыға келді.
"Сонымен қатар, бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос жерлері, құлау ықтималдылығы бар екендігі жүргізілмені анықталды", - деп атап өтті ведомство.
Кенеттен құлаған тау массасының салдарынан жазатайым оқиға болды.
Тергеуге 4 сараптамалық ұйым, оның ішінде Ресей Федерациясының сарапшысы тартылған, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеді.
"Тергеу нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шараларды және олардың орындалу мерзімдерін айқындады. Оның ішінде шахта директорының, бас инженердің, бас маркшейдердің, учаскелік маркшейдерлердің лауазымдық нұсқаулықтары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып қайта қаралады", - деді министрлік.
Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.
Апат болған жерде авариялық-құтқару жұмыстары оқиға болған сәттен бастап демалыссыз жүргізіліп жатырТопырақтың геосканизациясы жұмысы мерзімді уақытта жүргізілуде. Жұмыстар өте күрделі жағдайларда жүргізілуде. Тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар.