АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Қазавтожол.
Екі жол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жетісу облысында 1 учаске жабық:
"Үшарал-Достық" бағытындағы 84-184 км. Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 100 км қашықтық.
Қарағанды облысында 1 учаске жабық:
"Екатеринбург - Алматы" бағытындағы 1505-1610 км. Новостройка қаласынан Ақсу-Аюлы қаласына дейінгі 105 км.
Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 408 бірлік техника және 519 жұмысшы жұмылдырылды.