АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының тұрғыны жалған микрокредиттерді өтейтін қылмыстық схемамен қыруар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Алдымен тауар мен қызметтерді сатып алатын контрагенттермен үшжақты келісімшарт жасалды. Оған микроқаржы ұйымдары да қатысты. Сосын жалған шот-фактуралар жазылды. Бірақ ақшаны контрагенттің бақылауындағы фирмаға емес, микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды өтеу үшін аударылды. Артынан "қарызды өтеуге арналған" қаржының барлығын қолма-қол ақшаға айналдырды.
"Бұл қылмыс жасаушы азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6% - ға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді", - дейді агенттік мамандары.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты. Жалған шот-фактураларды жазып берген Қарағанды облысының тұрғыны анықталды. Бұған дейін ол дәл осындай қылмыс үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.