https://sputnik.kz/20240126/qaragandyda-zhalgan-mikrokreditter-skhemasy-ashkerelendi-41852659.html
Қарағандыда жалған микрокредиттер схемасы әшкереленді
Қарағандыда жалған микрокредиттер схемасы әшкереленді
Sputnik Қазақстан
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T14:23+0500
2024-01-26T14:23+0500
2024-01-26T14:23+0500
қарағанды облысы
кредит
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_0:143:3135:1906_1920x0_80_0_0_bf020ef6767ef7fd1cc8436ed60ac3de.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының тұрғыны жалған микрокредиттерді өтейтін қылмыстық схемамен қыруар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Алдымен тауар мен қызметтерді сатып алатын контрагенттермен үшжақты келісімшарт жасалды. Оған микроқаржы ұйымдары да қатысты. Сосын жалған шот-фактуралар жазылды. Бірақ ақшаны контрагенттің бақылауындағы фирмаға емес, микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды өтеу үшін аударылды. Артынан "қарызды өтеуге арналған" қаржының барлығын қолма-қол ақшаға айналдырды.2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты. Жалған шот-фактураларды жазып берген Қарағанды облысының тұрғыны анықталды. Бұған дейін ол дәл осындай қылмыс үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_380da39cf4e27aa2f60d3f2f09b89121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, кредит
Қарағандыда жалған микрокредиттер схемасы әшкереленді
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының тұрғыны жалған микрокредиттерді өтейтін қылмыстық схемамен қыруар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Алдымен тауар мен қызметтерді сатып алатын контрагенттермен үшжақты келісімшарт жасалды. Оған микроқаржы ұйымдары да қатысты. Сосын жалған шот-фактуралар жазылды. Бірақ ақшаны контрагенттің бақылауындағы фирмаға емес, микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды өтеу үшін аударылды. Артынан "қарызды өтеуге арналған" қаржының барлығын қолма-қол ақшаға айналдырды.
"Бұл қылмыс жасаушы азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6% - ға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді", - дейді агенттік мамандары.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты. Жалған шот-фактураларды жазып берген Қарағанды облысының тұрғыны анықталды. Бұған дейін ол дәл осындай қылмыс үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.